Көбелектер үйі. «Өміршең өнер туындылары»
Спорт ардагері Валерий Шаров Зерендіде энтомологиялық музей ашқан азамат. Бұл Қазақстандағы тұңғыш көбелектер мұражайы. Әлемде коллекциялық көбелектердің 6 музейі бар. Ең үлкені Лондонда орналасқан. Оның қорында 8 мың көбелек болса, Зеренді музейіне 2 мың бунақ денелі жәндік қойылған. Әрқайсысының жеке төлқұжаты мен аты да бар. Әр көбелек емен ағашынан жасалған қорапта сақталған. Оның ішіне ауа кірмейді- дейді коллекционер. Негізінен, бұл қанатты жәндіктерді салқын, әрі көлеңке жерде ұстау қажет. Ауа температурасы 18 градусан төмен 25 градустан жоғары болмауы керек. Күн түссе, көбелек қанатының түсі мен жібектігі жойылады. Коллекцияда Филиппин, Малайзия, Эквадор, Франция, Вьетнам, Италия және Аустралиядан әкелінген қанаттылар бар.
Бағдарлама қатысушысы: Валерий Шаров - "Көбелектер үйі" мұражайының иесі