«Өткеннің өшпес өрнегі». Алматы – өткеннің баға жетпес өрнегі
Алматы қаласының тарихы төңірегінде тарихшылар мен археологтар арасында бірнеше жылдан бері дау туып жатыр. Археологтар қала тарихы VIII ғасырда бастау алды десе, тарихшылар қазіргі Алматы Қазақ хандығы кезінде пайда болды дейді. Ал мектеп оқытушылары шәкірттеріне Алматының тарихын Верный қаласынан бастау алады деп үйретеді. Фактілер мен археологиялық қазбаларға сүйене отырып, зерттеу жүргіземіз.