Қазақ тілі – тарихи мұра. «Өткеннің өшпес өрнегі»
«Тілге деген көзқарас – шындап келгенде, елге деген көзқарас. Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден-бір барымыз да, нарымыз да. Бізге Ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше, оны жан аямай қастерлеуден асқан биік парыз да жоқ. Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол – білім. Ол шетел тілінде сөйлесе – тіпті жақсы. Бірақ он шетел тіліне орап, ана тілін тұншықтырып, көміп тастасаң – ол кешірілмес күнә», – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.