Шарын шатқалы – табиғи «фэнтези». «Өткеннің өшпес өрнегі»
Шатқал Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Шарын өзеніне Теріскей және Күнгей Алатау жоталарының солтүстік баурайынан бастау алатын көптеген өзен сулары қосылып, суы мол өзенге айналады да, Жалаңаш ойпаты мен Торайғыр тауын шығысынан қақ жара өтіп орасан зор шатқал жасайды. Бағдарлама қатысушылары: Құтылжан Юнусов – шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы; Анар Рақышева – турист; Майра Райымқұлова – турист; Ернар Жүнісов – шарын ұлттық табиғи паркінің экскурсоводы.