Мистикаға толы «3» саны туралы не білеміз? / «Пифагор»
Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықта пайда болды деседі. Тарихқа жүгінсек, сандар алғашқы рет ежелгі Вавилонда қолданылған екен. Олар ондық, жүздік санақ жүйесі болды. Әйгілі ойшыл, философ, математик Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартып, бірліктерге бөлуді ұсынған. Ол «сандар әлемді билейді» деген тұжырымды ұстанады. «Пифагор» бағдарламасының кезекті шығарылымы мистикаға толы «3» санына арналады.