«3» санына қатысты этнографиялық түсініктер: үш қасиет, үш би. «Пифагор»
Түркі халықтары «үш» санын «киелі сан» деп есептейді. Содан болар, қазақта «үш» санымен байланысты фразеологизм жеткілікті. Мысалы, «Үш қайнаса, сорпасы қосылмайды», «Үш ұйықтаса, түсіне кірмеген» деген тұрақты тіркес немесе «Ер кезегі үшке дейін» деген мақал бар. Қазақтың таным-түсінігінде «үш» санының алар орны қандай? «Үш» санының қазақтың саяси әлемінде де алар орны ерекше. Жалпы қазақ халқының қалыптасуында «Үш бидің» алар орны ерекше.