Бес саны. Бес арыс, Бесеудің хаты. «Пифагор»

Қазақтың таным-түсінігі ғана емес, әдебиетінде де бес санының өзіндік орны бар. XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық өзгерістерді бастан кешті. Осы орайда халықтың санасына демократиялық ойларды сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Оларды халық «Бес арыс» деп атады. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов – қазақ әдебиеті мен ғылымына елеулі үлес қосқан зиялылар. «Бес арыстың» шығармашылығы мен өмір жолына қатысты айтылмай қалған деректер бар ма?

Жүргізуші – Данияр Бибатыр.

Спикерлер:

1. Айгүл Түзейбайқызы, нумеролог;

2. Нұрбол Құдайбергенов, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері;

3. Райхан Имаханбет, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі;

4. Мая Тасыбекова, тарихшы;

5. Әубәкір Рақым, «Бес бойдаққа бір той» қойылымының режиссері;

6. Бекжан Тұрыс, актер.