ЕЛ АРНА телеарнасына 2 жыл! Жаңа маусым!

EL ARNA телеарнасына 2 жыл!

Біз тәулігіне 24 сағат бойы үздік қазақстандық ленталар, деректі жобалар, телехикаялар, анимациялық фильмдер, сондай-ақ Орталық Азия мен Түркі әлемі елдерінің «алтын қорында» сақталған жауһар туындыларды көрсетеміз.

Біз көрермендерімізге кинопремьералар ұсынамыз, қысқаметражды фильмдер түсіреміз. Беделді фистивальдерден тікелей көрсетілімдер мен күнделіктер дайындаймыз.

Танымал ленталардың жасалу тарихы. Кейіпкерлер мен авторлардың тағдыры. Кадрдан тыс қалған дүниелер туралы баяндаймыз.

EL ARNA – мәңгілік елдің мұрасы!