Балалық шақтың киноестеліктері
Бала кезімізде біз кино көргенді ұнататынбыз.Сүйікті фильмдердегі кейіпкерлерге өзімізді ұқсататынбыз. Ит асырағымыз келді. Қасқырды да қолға үйретеміз деп ойладық. Барлық достарымызбен бірге ғарышкер болуды армандадық. Сосын қаладан келген әлгі қызға ессіз ғашық болдық. Бұл біз үшін бейтаныс аяулы сезім еді. Мектеп бітіру кеші естен кетпейді. Біз онымен қоштасқымыз келмеді...
Желдей ескен, зымыраған қайран уақыт! Қайта келмес жастық шақ!Тек бір нәрсе өзгеріссіз қалды: біз әлі де кино көргенді ұнатамыз.
Ендеше қимас балалық әлемге жетелейтін киноестеліктерді ЕЛ АРНА телеарнасынан жіберіп алмаңыздар!