Балалы үй – мереке, балалы үй – береке
Бұл жалғанда бақыт бар. Алғаш көрген сәтте-ақ жүрегіңіз дүрсіл қағып, шаттықтан аяғыңыз жерге тимей, көкте қалықтап ұшып жүргендей кейіпке түсесіз. Оның исі – жұмақтың исі. Ол жер жүзіндегі ең бағалы әтірден де керемет! Ай маңдайынан иіскегенде өмірдің мәнін, тіршіліктің сәнін түсінесіз. Оның тәй-тәй басып жасаған алғашқы қадамдары. Ал қылығы – көңілдің гүлі, көздің нұры. Өмірдегі ең қымбат – оның күлкісі, былдырлаған балдай тілі. Ол өз тілінде сөйлейді, бірақ мөлдір көздеріне қарап-ақ бәрін үнсіз түсінесіз.
Сәбилер туралы және сәбилерге арналған фильмдер отандық киноның отауы ЕЛ АРНА-да!