Сағындырған фильмдер-ай!..
Екеуміз терген гүлді
Құлпырып, жайнады бел.
Өзіңмен жүрген күнді
Ұмыта алмадым мен.
Сырласқан мына көлге
Сағыныш сүйреп келді.
Қайтқанша құба белден
Есімнен бір кетпеді.
Ұйқымнан сан оятты
Бал дәурен балдай күнім.
Алғашқы махаббатты
Ұмыту қандай қиын.
Аңсайтын сені сияқты
Біз кездескен күзгі бақ.
Аңсаймын мен де қосыла
Сағыныш, ол да бір кесел.
Жан едің алған мендегі
Сезімнің бәрін арқандап.
Деймін де неге келмеді
Қараймын қырға жаутаңдап.
Болғанмен қандай төзімді,
Сағыныш қиын екен-ау!
Себептің тастап барлығын,
Бір келіп-кетші, жаным-ау!
Жүрегінде сағынышы бар жан ғана түсінетін тәтті мұң, тәтті сезім біздің кинода, ЕЛ АРНА-да!
Сезімге толы сырлы фильмдерді еске алғыңыз келсе, ЕЛ АРНА телеарнасын қосуды ұмытпаңыз!