Туған жерге киносаяхат
Ауылым, бүгін тағы аңсап келдім,
Жатаған боз жусанын қарсақ белдің.
Армысың, үркер үйрек, кербез қаздар,
Ұшатын айдынынан самсап көлдің!
Сағынып қалыппын-ау әр тасыңды,
Құлаған құз тастардан Марқа суды.
Сыбдырлап сыбызғы үнді бал бұлақтар,
Қоштасқан сүйгенімен қалқа сынды.
Мына сай сұлу сүйген сай ма еді,
Мына ағаш өзі неткен қайың еді.
Әнебір үйірдегі ақтал айғыр
Кешегі жуасытқан тай ма еді?
Біреуін мініп алып жабағының,
Қойныма толтырып ап дала гүлін.
Бір сайда тосып қазір тұрған сынды
Алаңсыз қайран менің балалығым.
Алтын бесік туған жерге киносаяхат. ЕЛ АРНА-да ең үздік қазақстандық фильмдермен, ең сүйікті кейіпкерлеріңізбен бірге болыңыздар!