Актер деген...
Актер деген...
Жуынған жан қара тер, ақ терменен.
Театрға тосыннан тап келмеген.
Сондай адам, сенімі күшіне енсе,
Шабытына ештеңе шақ келмеген.
Біліп тұрып дұшпан мұң шектірерін,
Тоқтатпайды тозғанша тепкілеуін.
Көп алдында күш салып қуантады ол
Жалғыздықта жылаған ет жүрегін.
Жүректі олша жылатып-сықтатпайсың
Қолдан келмес себебі, ұқсатпайсың.
Қаласа да қырсық ол қаламайды
Басын кесіп алсаң да түк таппайсың.
Үйленсе де келеді ол үйленгісі.
Көп күйеуден еріні күйген де іші.
Актер деген өз-өзін ұмыта сап
Басқа болып басқаны сүйген кісі.
Үйде жатып аңсайтын, сағынатын,
Тек театр ішінен табылатын,
Актер деген - сиқырлы шапан бәлкім
Көрерменді көрерде жамылатын.
Ойламаңыз, тұрса да шындық үдеп,
Экранның тұрақты тұрғыны деп.
Актер деген - өз-өзін басқалармен
Бірге қарай алатын бір құдірет.
Актер деген - ақылды "дос" ұқтырған.
Мына кісі ол - ойы ойға көшіп қырдан,
Спектакль біткенше кейіпкерді
Саxнаның сыртында тосып тұрған...
Осы кісі...
Авторы: Театртанушы Нұржан Асхатұлы