Ермек Тұрсыновтың «Выбор» фильмі. «Сахна сыртындағы сыр»
Достық - қымбат қазына. Адамдардың бір-біріне қалтқысыз сенімі. Оларды бір мүдде, ортақ көзқарас біріктіреді. Кейде талғамдарына дейін ұқсас келеді емес пе? Ал егер, тіпті, таңдауы да үндесіп, екі дос бір аруға ғашық болып қалса ше?! Иә, өмірде мұндай оқиғалар аз емес. Дәл осы жағдай өз басымыздан өтуі мүмкін. Кейде, «махаббат үштігінің» куәгері болып жатамыз. Танымал режиссер Ермек Тұрсыновтың жаңа фильмі осы тақырып аясында өрбиді. Отандық кинематографияда өзіндік қолтаңбасы бар киногер, тағдырдың сан сынағына күліп қараған достардың ұлы махаббат үшін күресін астарлы әзілмен береді.