«Сандар сөйлейді». Әртүрлі халықтар мен мәдениеттерде «жақсы», «жаман» деген сипатқа ие болған сандар
Кез-келген қоғамда жазылмаған әлдебір заңдар болады. Ол қарапайым санға да қатысты болуы мүмкін. Мәселен, Қытайда 4 саны қасіретті білдірсе, қазақта керісінше төрт көзі түгел деген сияқты бір толысу, толығу мағынасында қолданылады. Я болмаса, 13 саны Батыс мәдениетінде жамандыққа жетелейтін сан саналса, Шығыс мәдениетінде оның мән-мағынасы мүлдем басқаша келеді. Неліктен?