Каратэ: пайдасы, ерекшелігі. «Спорт – менің таңдауым»
Бүгінде каратэ – көптеген елде қарқынды дамып келе жатқан спорт түрінің бірі. Жапонияда пайда болған жекпе-жек өнерінде өзін-өзі қорғаудың тәсілі көп. Осы арқылы каратэ жастардың қызығушылығын тудырса, жарыстар тартысты жекпе-жектермен көрерменге ерекше әсер сыйлайды. «Спорт – менің таңдауым» бағдарламасының осы санында сіздерге каратэ спорты жайлы барынша көп мәлімет беруге тырысамыз. Айрат ЖЕҢІС, Киокушинкай каратэден жаттықтырушы; Рүстем ИСКАКОВ, ата-ана; Алма ДҮЙСЕНБЕК, ата-ана; Әсем ЖАНАТҚЫЗЫ, ата-ана; Ерасыл ҮСЕН, жас каратэші; Әлижан ҚАНАТБЕК, жас каратэші.