Таеквандо. «Спорт – менің таңдауым»
Таэквондо – шығыс жекпе-жектері арасында кең тарап, қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Қазақстанда танымал сайыстың бірі. Олимпиадалық спорт болғандықтан қызығушылық жоғары. Таэквондо – тек сайыс қана емес, сонымен қатар тәрбиелік мәні бар жекпе-жек. Сондықтан мамандар бұл спортты балабақшадан бастап үйретеді. «Спорт – менің таңдауым» бағдарламасында таэквондоға кеңірек тоқталамыз.
1. Асқар Юсупов, таэквондодан жаттықтырушы;
2. Севара Абдураимова, таэквондошы;
3. Есения Шарипова, таэквондошы;
4. Мирас Есенгелдин, таэквондошы;
5. Жанат Жакупов, ата-ана; 6. Жанаргүл Мукашева, ата-ана.