Ренжулі Айша. «Тақиялы періште» фильмінен
«Тақиялы періште» деп фильмнің басты кейіпкері — география пәнінің мұғалімі Тайлақты еркелетіп атайды. Тайлақ — алпамса денелі, періште мінезді, кең пейілді жан. Ол өз анасынан артық шеше жер бетінде жоқ деп санайды. Сонымен қатар, Тайлақ тіпті дастарқан басында өзінің сүйікті тақиясын басынан тастамайды. Ұялшақ «періштенің» бойдақ өміріне балта шапқысы келген анасы Тана ұлына қосақ іздеп Алматыға келеді. «Еркекке жалғыз өмір сүруге болмайды, оның қасында анасы, жоқ дегенде әйелі болуы қажет» - деп пайымдайды.