Сотқар Қожа. «Менің атым Қожа» көркем фильмінен
Фильмде кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әртүрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да, жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.