Дәулет Мұқаев: өзгенің емес, өз ақшаңызды санап үйреніңіз. TED-талқы
Қаржылық сауаттылық дегеніміз, қарапайым тілмен айтқанда, қаржылық тәртіп, яғни өз бюджетіңді басқара білу дегенді білдіреді. Қаржылық сауаттылықтың бастауы өз-өзіне есеп беруден басталады. Адам қарызға батпас үшін барынша үнемдеп, қаржылық сауаттылығын арттыруы керек. Бұл екеуі де – заман талабы. Бірақ біз көп жағдайда басқа адамның ақшасын санап кетіп жатамыз.
Ал қаржылық сауаттылықты арттыру стратегияларына келетін болсақ, Абай атамыздың мынадай тамаша сөзі бар: « Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте болмаса жұмасында бір, ең болмағанда, айында бір өзіңнен өзің есеп ал!» Яғни адам кірісі мен шығысын санап, өзіне есеп беруі керек.
Спикер: кәсіпкер, экономист, мотиватор, блогер Дәулет Мұқаев