Салық салу және қаржылық талдау. «Teens MBA»
Энциклопедияға қарасаңыз, «салық салу» термині мемлекеттің қаржылық міндеттерін жабу үшін мемлекеттік органдардың компаниялар мен жеке тұлғалардан міндетті түрде алатын өтеусіз төлем дегенді білдіреді. Баршаға мәлім, экономика мен бизнес сандық тұрғыдан дәлдікті талап етеді және бұл салаларда субъективті, көркем сипаттамаларға жол жоқ. Сондықтан дәл өлшемдерді анықтау үшін «қаржылық талдау» құрылды. Дәл осы тұжырымдама туралы біз шығарылымның екінші бөлімінде айтамыз. «Қаржылық талдау» бизнес пен инвестицияда ақша табуға ниетті кез келген адамға пайдалы болады.
Мариям Жетесова, экономика ғылымдарының кандидаты;
Миятбек Алтынбеков, PhD докторы, Esil University Есеп және аудит кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
Ұлағат Юсупов, PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Esil University Есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі.