Еңбек кітапшасы- латиница. «Заттар жайлы ақпар»
Бөлімнің басты кейіпкері өзінің әжесінен қалған көне еңбек кітапшасы жайлы айтады. Еңбек кітапшасының ерекшелігі оның мұқабасы мен ішкі беттеріндегі талаптар латын әріптерімен жазылған. Ал, жұмысқа қабылдану жайлы толтырылған жазбалар орыс тілінде. Бұл бөлімде осы оқиғалардың сыры ашылады, латын әріптеріне байланысты зерттеушліредің тұжырымы айтылады.
Бағдарлама қатысушылары: Еңбек кітапшасының иесі - Молдабаева Әсемгүл; 1 спикер - Аймағанбетова Тайтөлеу ,филолог, линвист, методист; 2 спикер- Жақыпов Жантас - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры,ф.ғ.д.
00:20 Қазақ тілі мәселесі. Жаңа әліпби
00:52 Көне еңбек кітапшасы
02:01 Кітапшаның толтырылған уақыты. 82 жыл сақталған жәдігер.
03:31 Араб әліпбиі. Латын әліпбиіне көшу.
04:29 Қазақ тілінің тағдыры. Әліпбилердің ауысуы.
06:48 1930-40 жылдардағы қазақ әліпбиі. Өзгерістер. Ерекшеліктер.
10:31 Латын әліпбиіне ауысудың ұтымды тұстары.
12:18 Жаңа әліпбидің рөлі, қойылатын жаңа талаптар.
13:46 Көне еңбек кітапшасының қадір-қасиеті, тарихи құндылығы.
#Еларна #заттаржайлыақпар #еңбеккітапшасы