Самаурынның тарихы. «Заттар жайлы ақпар»
Самаурын — көненің көзі. Жалпы, самаурын қазақ даласына 19-шы ғасырда келгенімен, ұлтымыздың табиғатымен біте қайнасып кеткен тұрмыстық бұйым. Тіпті самаурынды қазақтың өзінің төл бұйымы секілді көретініміз де шындық. Самаурын — қазақтың қонақжайлылығы мен кеңпейілдігінің, берекелі дастарханы мен байлығының белгісіне де айналып үлгеріпті. Бүгінгі біздің шығарылымымыз осы тұрмыстық ғажап бұйым туралы болады. Бағдарлама қатысушылары: Нұрсара Қабдолданова — самаурынның иесі. Берік Әлібай — ҚР Суретшілер және Дизайнерлер Одағының мүшесі, зергер, ұста. Руслан Қабызиев — антиквариат бұйымдар сатумен және сатып алумен айналысатын эксперт.
00:20 Самаурынның өткен ғасырдың тұрмыс-тіршілігіндегі рөлі.
01:44 Самаурынның иесі кім?
03:20 Қазақ жеріне келуі. Ең алғаш самаурынды қолданған кім?
03:47 Самаурындар қандай металдан жасалды?
04:58 Самаурын иесінің қызықты оқиғалары.
07:11 Қазіргі буынның қызығушылығы.
08:05 Самаурынның шығу тарихы
10:51 Самаурынның шәйі. Сағынышқа толы уақыт.
11:07 Шетелдік туристердің қызығушылығы.
13:29 Өткен ғасырлардағы самаурындардың ерекшелігі. Ағайынды Баташевтардың самаурыны.
#Еларна #Заттаржайлыақпар #Самаурынныңтарихы