Бала - бақыт. «Жаңа қадам»
Абайша айтқанда «Адамның бір қызығы бала деген». Рас, бала көз қуанышың, қызығың. Бірақ оны қызықтап ғана жүремін деп, тәрбиесін уыстан шығарып алуың әбден мүмкін. Тәуір бала, тәрбиелі шәкірт, толық адам жасау үшін қайтпек керек? Бүгінгі талқылайтын сауал осы. Жаһандану заманында жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру, оның қарым-қабілетін жетілдіру бас ауыртар мәселе. Себебі бала- бүтін елдің келешегі, жалпы ұлттың жалғасы... Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауының да түп-төркіні осы.