Қалайсың? «Жаңа қадам»
Бағдарламаның негізгі мақсаты жастардың үнін тыңдау, оларға пікірін ашық жеткізетін, ойын ортаға салатын алаң ұсыну. Бүгінге дейін осы мақсатта түрлі тақырып аясында сөйлестік. Ал, бүгінгі бағдарлама сәл өзгеше болады. Себебі, нақты бір тақырыпқа байланбаймыз. Жастар өзін қызықтырған кез келген сұрақты қоя алады. Ал, оларды тыңдап, кеңес беріп, пікір алмасатын арнайы сарапшы мамандар біздің студияда. Әр буынның өз алтын дәуірі, соған байланысты тәтті естеліктері болады. Кешегі жастар, бүгінгі аға буын, елдің басы, халықтың қалаулысы, жұрт жақтаған тұлғалар. Ал, бүгінгі жастар ертеңге деген үміттің шамшырақтары. Олар қараңғыны жарық етеді, суықты жылытады. Тек пікірін тыңдап, ойымен санасып, тілеулес болсаңыз жеткілікті.