Газет пе, гаджет пе? «Жаңа қадам»
Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген еді. Заман өзгерді, техника дамыды, интернет дәуірі басталды. Газет-журналдың уақыты өтті деген де пікір айтылып жүр. Сан ғасырлық тарихы бар баспасөздің жөні басқа. Бәзбіреулер “Баспасөз келешекте ағарту құралына айналады” деген де ой айтып жүр. Түрлі ой, түрлі пікір. Бүгін біз қазақ гезеттері туралы сөз қозғаймыз.