От шығатын ойын. «Жаңа қадам»
Ұтарын, не ұтпасын білмесе де, ықтималдыққа сүйеніп ақша тігіп құмар ойынға қызығатын адамдар көп арамызда. Құмар ойынының құрығына ілініп, құрдымға кеткендердің өкініші мен азарттың азабы жайлы айтамыз. Лудомания, құмарпаздық, миды улаған сандар мен карта ойындары. Бұдан арылудың жолы бар ма? Бар болса қандай? Кенедей жабысқан кеселден айығып кету мүмкін бе? Талқылайық!