БАЛАҢА ҚАРА! - 2. «Жаңа қадам»
Телекөрермендердің басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер дейді зерттеушілер. Олардың пікірінше, әр бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экран алдында өткізеді екен. Зерттеу деректеріне сүйенсек, бала мектепке барғанша 5 мың сағатын теледидар көруге жұмсаса, мектеп бітіргенге дейін 19 мың сағат экран алдында отырады-мыс. Олар не көріп жүр? Біз оларға ұлттық құндылықты сіңіретін контент ұсына аламыз ба? Бүгінгінің мульткейіпкерлері балаларымыздың кім және қандай болып өсуіне ықпал етуі мүмкін? Талқылайтын сауал көп.