«Тұншыққан сезім» телехикаясы. «Жарық. Камера. Мотор!»
«Тұншыққан сезім» телехикаясы. Сюжеттік желісі шиеленіске толы туынды екі отбасының тағдырын баяндайды. Өмір жолдары тоғысқан жастар арқылы ата-аналардың бұрынғы сезімдері қайта тұтанады. «Тұншыққан сезім» отбасылық драмасы басты кейіпкер Әлібек пен оның баласы Айбектің төңірегінде өрбиді. Арада 20 жыл өткенде Әлібек бір кездері жолдары түйіспеген ғашығын кездестіреді. Ал ұлы Айбек әкесінің бұрынғы махаббатының қызына ғашық болады. Телехикаяның түсірілім барысы төтенше жағдай уақытында өткен. «Барлық сақтық шарасын ұстанғандықтан, жұмыс тоқтаусыз жүрді», – дейді шығармашылық топ өкілдері.