Junior Eurovision-2021: Ұлттық іріктеу финалистерінің байқауға дайындығы басталды

Junior Eurovision-2021: Ұлттық іріктеу финалистерінің байқауға дайындығы басталды

Junior Eurovision-2021 Ұлттық іріктеуі финалына дейін бір аптадан аз уақыт қалды. Бүгіннен бастап өнерлі жастардың музыкалық қойылымға дайындықтары басталды. Жас орындаушылар барша қазақстандықтардың алдында 6 қараша күні өнер көретеді.

Балалардың дайындықтың бағдарламасы жаттығу сабақтары, фотосессия, танымал әртістердің шеберлік сыныптарына қатысу және Қазақстан елордасының көрнекі жерлеріне экскурсияларға бару сияқты шараларды қамдиды.

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық іріктеу финалистерінің кездесуі өтті. Жиынға жиналған жас таланттар бір-бірімен танысып, өткен жылдардың жеңімпаздары - Ержан Максим мен Қарақат Башановамен жүздесті.

«Балалармен вокал, актерлік шеберлік және хореография бойынша педагогтар айналысатын болады. Музыкалық материалмен жұмыс жасау барысында қатысушылар өздері үшін жаңа мүмкіндіктер мен стильдерді ашатынына сенімдімін. Алдымызда жоба форматына сәйкес келетін әндерді таңдап қана қоймай, баланың вокалдық қабілетін барынша ашатын композицияны жасау сияқты маңызды міндеттер тұр», - деді жобаның музыкалық продюсері Хамит Шаңғалиев.

Биыл Junior Eurovision-2021 Ұлттық іріктеуіне 9-14 жас аралығындағы 819 бала өтінім берді. Олардың арасынан қазылар алқасы 30 қатысушыны іріктеп алды. Келесі кезеңде қатысушыларға барша қазақ халқы дауыс берді. Қазақстандықтар Париждегі Junior Eurovision-2021 байқауында елімізді таныстыру құқығы үшін бақ сынайтын 10 кандидатты таңдады.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық іріктеудің тікелей көрсетілімі 6 қараша күні «Хабар» телеарнасында өтеді.