Junior Eurovision2021 - тегі бойынша барлық жаңалықтар

«Junior Eurovision-2021» байқауына өтінімдер қабылдау аяқталды

«Junior Eurovision-2021» байқауына өтінімдер қабылдау аяқталды

«Junior Eurovision-2021»халықаралық байқауы Ұлттық іріктеуі байқауына өтінімдер қабылдау аяқталды.

«Балалар Евровидениесі 2021» халықаралық байқауы Ұлттық іріктеуі қазылар алқасының отырысы 7 қазан күні сағат 19.00-де Қазмедиа орталығының 21-қабатында өтеді.

Ұлттық іріктеу кезеңінде қазылар алқасының мүшелері келесі jevision.khabar.kz сайтында интернет-дауыс беру кезеңіне өтетін өтінімдердің арасынан ең мықты 30 қатысушыны таңдайды. Интернет-дауыс беру қорытындысы негізінде 19 желтоқсан күні Парижде өтетін финалда Қазақстанның атынан шығу құқығы үшін жарысатын 10 финалистің есімдері анықталады.

Бірінші кезеңнің қорытындысы Ұлттық іріктеудің jevision.khabar.kz ресми сайтында жарияланады.