Аутизм белгілерін қалай анықтаймыз?
Аутизм қарапайым тілмен айтқанда, кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқу.
Негізінен бұны ауру деп айту қиын, бұл психикалық дамудың бұзылуы. Бала миына келіп түскен ақпараттарды баланың миы қабылдамайды. Себебі миының сенсорлы жүйелері дұрыс жетілмеген.
Аутизмнің белгілерін ерте балалық шақта анықтауға болады, бірақ көбінесе кейінірек кезеңдерде диагноз қойылады.
Белгілерін қалай анықтаймыз?
Аутизм белгілері 3 жасқа дейін айқын байқалады. Әдетте ер балаларда жиі кездеседі. Құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, әлі сөйлемейтінің байқауыңыз мүмкін. Алғашында баланы керең секілді көрінуі мүмкін. Кейде сөйлеуін бастайды, бірақ біраз уақыт өтісімен сөйлеу қабылетін қайта жоғалтады. Күнделікті қылықтары қайталанады, күнде бір ойыншықпен және жалғыз ойнайды. Тіпті ойыншықтың тек бір бөлігімен ғана ойнауы мүмкін. Күнделікті қайталанатын тәртіптің өзгеруін бала өте қиын қабылдайды. Балаңыз көзге тіке қарамауы да мүмкін.
Осы белгілерді балаңыздан байқасаңыз тез арада психологтардың көмегіне жүгініңіз.
- Біздің «Алтын ұя-Еркеле» орталығы осындай диагноздағы ерекше балаларға тегін көмек қолын созу үшін ашылған.
«Алтын Ұя-Еркеле» орталығының қалашығы 2021 жылы Астана қаласында «Ерке» балабақшасында қаланып, бастапқыда төрт түзету кабинетімен бастау алған орталығымыз бүгінгі таңда жеке бір орталық болып отыр. 2022 жылдан бастап ата-аналар мен бүлдіршіндерге «Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасының» қолдауымен тегін қызметтер көрсетілді. Бастапқыда 15 баламен бастаған орталығымыз 1 жыл көлемінде 120 шақты балаға қызмет көрсетті. Бұл жылдары орталығымызда аутизм дертіне шалдыққан балаларға психологпен түзету жұмыстары, АВА терапиясы, Floortime ойыны, Йога, қызмет түрлері тегін қызмет көрсетілді. Ата-аналармен де тегін кеңес, психологиялық кеңестер, тренинг жұмыстарын да өткіздік. Бір бала аптасына екі рет, екі сағаттан түзету-дамыту жұмыстарына келіп жүрді. Соның ішінде АВА терапиясы 1 сағат, Floortime ойыны 30 минут, Йога 30 минутты құрады.
2023 жылдың 5 сәуірінде «Алтын Ұя-Еркеле» орталығымыздың Жаңа орталығы ашылды. Жаңа орталықтың ашылуына көптеген көмек қолдары созылды. Қазіргі таңда жаңадан ашылған орталығымыз 300 баламен жұмыс жүргізуге арналған, жоғарыда аталып өткен терапия түрлерімен қоса жаңадан Адаптивті дене шынықтыру (АФК), Арт терапиясы қосылды. Орталығымыз таңғы 10:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
«Алтың Ұя-Еркеле» орталығымызда балаларға көрсетілетілген тегін қызметтер:
- Психологпен түзету жұмыстары
- АВА терапиясы
- Арт терапия
- Жазу жұмыстары, бетті бояу (раскраска)
- Логопед-дефектологпен жұмыс
- Логомассаж
- Тыныс алу жаттығулары
- Дыбысты қою, айту жаттығулары
- Сөйлеу тілін дамыту
- Ұсақ моториканы дамыту
- Имитация
- "Floortime" әдістемесі
- Пазлдар
- Құм терапиясы
- Тұзды бөлме
- Йога
- Сенсорлық интеграция
Осы терапиялар мен әдістерді пайдалана отырып, балаларға жас ерекшелігіне сәйкес түзету-дамыту жұмыстарын тегін жүргіземіз. Осы диагнозбен көмек іздеп жүрген болсаңыз біздің орталығымыз сіздерді күтеді.