ADIDAS шабыт сыйлайды
Ұзақ жылдар бойы спорттық стиль тек спортшыларға ғана тән деген ұғым болды. Уақыт өте келе, бұл стиль көпшіліктің күнделікті өміріне еніп, олардың даралығын қалыптастырып, салауатты өмір салтын бейнеледі. Осындай үлгідегі киім тек эстетикалық сәнімен емес, функционалдығымен ерекше.
Аталмыш образ күнделікті өмірге ыңғайлығымен, спортпен шұғылдануда жайлылығымен даралынып, түстері арқылы өзіндік күйді сезіндіруге мүмкіндік береді. Ал түрлі талғамға сай спорттық киім үлгілерін adidas дүкендерінен таба аласыз.
Каталогтың түрлілігі
- Originals топтамасында ұсынылған өнімнің әрқайсысы брендтің жылдар бойы сақтаған ерекшелігі мен дәстүрлі дизайнымен сәнделген. Бұл ретро образдан шабыт алып, заманауи үлгіге негізделіп жасалған классикалық дизайн түрі. Олардың қатарында көпке белгілі: Superstar, Gazelle, NMD, Stan Smith, Samba модельдері бар.
- Ориджинал топтамасында 70-ші жылдардан бергі Adicolor ойластырған модельдер ұсынылды. Топтама бір түсті негізге алып, құлпыртқан түстер шешімі көрсетілген: қою қара, ықшамды ақ, терең қызыл, талғампаз көк, мінсіз жасыл. Ориджиналмен бір түсті аутфитті немесе әртүрлі түстерді үйлестіріп тамаша сән қалыптастырыңыз.
- Sportswear динамикалық өмір салты мен күнделікті қозғалысқа ыңғайлы спорттық заттарға баса назар аударады.
- Performance топтамасы жүгіру, фитнес, футбол, баскетбол, теннис және өзге де спорт түрлеріне арналған жоғары сапалы өнімдерді ұсынады. Adidas дүкені әркез сұранысқа ие, қозғалысқа ыңғайлы киімдер шығарады.
- adidas by Stella McCartney қыз-келіншектерге арналған желісі батыл және заманауи пішінмен дайындалған образдарымен танымал. Бұл ырғақты өмір салтын ұстанатын жандарға арналған сән мен функционалдылықтың симбиозы. Жарқын элементтер, стандартты емес пішімдер және әр затты ерекшелейтін түпнұсқа бөлшектер.
- Terrex сериясы – табиғат аясында шытырман оқиғаларға толы демалысқа арналған құрал-жабдықтар мен бұйымдар топтамасы. Жинақ ең қолайсыз жағдайларда да озық технологиясы мен дара дизайнының арқасында қорғаныс пен жайлылық сыйлайды. Аяқ киімнің беткі қабаты теңдессіз сапасымен әрі резеңкелі табаны тайғақ тастарда да қауіпсіз қозғаолысты қамтамасыз етеді. Топтаманың киімдері жел мен судан қорғап, қолайсыз ауа райында дене жылуын сақтайды.
Adidas дүкені сізді керемет ұсынысымен және науқандарымен қуантады. Интернет-дүкенге кіріп, жарқын түсті жаңа топтамадан қуат алыңыз!