Алматыда ел тарихындағы ең ұзын лағман әзірленіп, рекорд тіркелді

Алматыда ел тарихындағы ең ұзын лағман әзірленіп, рекорд тіркелді

Қазақстан тарихындағы ең ұзын, 1704 метрлік лағман Алматыда әзірленіп, ресми түрде рекорд тіркелді. 19 келі ұннан иленген қамыр, 50-ден астам қатысушының жұмыла атқарған еңбегі, екі сағаттық тынымсыз жұмыс нәтижесінде ел тарихында бұрын-соңды болмаған тағам дайындалды. Бұл тек гастрономиялық жетістік емес — бұл көпұлтты қоғамымыздың бірлігінің, ынтымақтастығының айқын дәлелі болды.