«Бизнесмены» / 27 қараша / 20:00

90-е годы прошлого века. Трое друзей, пытаясь наладить свою жизнь, сталкиваются с таким понятием, как бизнес. Однако бизнес - это всегда риск, и молодым предпринимателям придется пожертвовать многим ради успеха. Герои фильма становятся одними из первых, кто стоял у истоков рыночных отношений в Казахстане.

Read more...

«Атаманның ақыры» / 26 қыркүйек / 20:00

1920-21 жылдардағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр аймағындағы тарихи оқиғалар жайлы баяндалады. Атаман Дутов бастаған ақ гвардияшылардың әркеттері сипатталған. Ақ гвардияшы атаман Дутовтың бандасын жою туралы операция дайындалады. Оны орындау чекист Шадияровқа жүктелді. Ол атаманның штабына еніп, әбден оның сеніміне кіріп алып, өз өмірін қатерге тіге жүре берілген тапсырманы орындап шығады.

Read more...

Кино, театр және дубляж актері Бақытжан Әлпейісов. «Шеберлік дәріс»

Бағдарлама кейіпкері – атақты актер Бақытжан Әлпейісов. Ол кино, театр, дубляж туралы әңгімелейді, сонымен қатар өз тәжірибесімен бөліседі.

1. Лаула Аскар журналист;

2. Бақытжан Әлпейісов, актер, тележүргізуші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.

Read more...

90-шы жылдардағы қазақ киносы. «Ашық көрсетілім»

Бұл шығарылымда Ақан Сатаевтың «Рэкетир» фильмін талқылайтын боламыз. Тәуелсіздіктен кейін заманымыз да, адамдарымыз да өзгерді. Қиын 90-шы жылдардан кейін аман-есен аяқтарына тұрған жұртымыз басынан өткеніне көз салып, енді жаңа өмір ретімен өмір сүре бастады. Киномыз да өзгере бастады. Сол кинолардың арасынан сценарийі мен сапасы ерекше, бұрын-соңды айтылмаған тақырыптарды қозғап, көрерменге 90-шы жылғы оқиғаларды батыс кинематографиясының үлгісінде ұсынған алғашқы фильм Ақан Сатаевтың «Рэкетир» фильмі. Сол жылдардағы атмосфераны режиссер бере алды ма?

Сарапшылар:

1. Гүлзат Көбек, кинотанушы;

2. Мейірім Ерболатқызы, психолог;

3. Дәулетжан Махмут, драматург.

Read more...

Асанәлі Әшімов. «Шеберлік дәріс»

Асанәлі Әшімов кино, театр, режиссерлік мамандық туралы әңгімелейді, өз тәжірибесімен бөліседі.

Лаула Асқар, журналист;

Асанәлі Әшімов, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері;

Назерке Ноғайбай, А. Әшімовтың «Жаңа ғасыр» театрының актрисасы;

Қуаныш Құдайберген, А. Әшімовтың «Жаңа ғасыр» театрының актері.

Read more...
  • Published in Freshman

Қазіргі қазақ киносындағы қазақ тілі. «Freshman»

«Freshman» бағдарламасының бұл шығарылымы қазіргі таңда түсіріліп жатқан отандық кинолардың тілі, яғни ана тіліміздің көгілдір экрандағы тынысына арналады.

Кейінгі жылдардағы қазақ фильм­дерінің тіліне көпшіліктің көңіл толмайтыны рас. Өйткені сөз саптасымен сүйсіндіріп, құлаққа жағарлықтай құнарлы тілді драматургия жоқ. Түсірушілер сценарий жазуға қазақы тілдің қаймағын білетін қаламгерлерді тартуды ескере бермейді. «Киноға көркем тілдің қажеті не?» деп дау­ласа кететіндер де бар.

Бұл туралы студияға келген қонақтар не дейді екен? Олар қандай пікірде?

Read more...

Кофені кинода қандай мақсатта қолданады? «Мәдениет мәзірі»

Бағдарламада бірнеше фильмдегі кофе сахналары көрсетіліп, олардың әрқайсының кофені не үшін, не мақсатты көздеп қолданғаны жөнінде айтылады.

Кшиштоф Кислевскийдің «Көк, ақ, қызыл түстер симфониясы» трилогиясының бірінші фильмі бағдарламаның негізгі тақырыбы болады. Аталмыш фильмдегі негізгі кейіпкердің кофе ішу сахнасы кеңінен талқыланады.

Режиссер – Шұғыла Сержан.

Read more...
Subscribe to this RSS feed