Нұрәлі Серік: қазақтың атын шығарғым келеді. «Comedy kids»

Нұрәлі өзінің актерлік шеберлігін шыңдау үшін актерлық курсқа қатысып, болашақта қазақтың атын шығару үшін домбыраның құлағында ойнауды үйреніп жүр. Нұрәлі өзі туралы және қоршаған ортаға көзқарасы туралы бөлісіп, болашақтағы арманы жайлы айтады. Тоғыз жастан өзіне не керегін біліп жүрген Нұрәлі өзінің ұтымды жауаптарымен жүргізушіні баурап алды.

Read more...

Төлеу Нұралы: танымал актер болғым келеді. «Comedy kids»

Нұралы 12 жаста болғанымен өмірін өнерге арнағысы келетінін, жүзуге қатысып, домбырада ойнай алатын күйлері жайлы айтады. Ол болашақта Қазақстанның танымал актері болғысы келеді. Бағдарлама барысында өзінің армандарымен бөлісіп, қазір немен айналысып жүргені туралы айтады. Сонымен қатар өмірге, достыққа қатысты өз көзқарасымен бөліседі.

1. Төлеу Нұралы, болашақ актер. 

Read more...

Ердәулет Нуридин – каратэден республикалық жарыстардың жеңімпазы. «Comedy kids»

Дзюдо және каратэ үйірмелеріне қалмай барып жүрген Ердәулет өскенде Қазақстанның көк байрағын биікке көтеруді армандайды екен. Бұл – оның нағыз патриот екендігінің дәлелі іспеттес. Сонымен қатар күн сайын уақыт тауып, өсіп жатқан бауырларына қарап, осы бастан тәрбие беретіні жайында сұхбат барысында әңгімелеп береді.

Read more...

Қайсар Байбазар – жас боксшы. «Comedy kids»

Бокс, футбол, ағылшын тілі, сурет салумен айналысатын жан-жақты Байбазар математика пәнін ерекше ұнатады. Ол жыл сайын мектеп олимпиадаларына қатысып, өз бағын сынап, шындалады. Әңгіме барысында оның болашақта елші, аудармашы болғысы келетінін білдік. Сондай-ақ тамақ әзірлеудің түрлі тәсілін айтып берді.

Read more...

Болашақ көркем гимнастика жұлдызы – Жасмин Орынбай. «Comedy kids»

Жасмин Орынбай би және гимнастикадан өтетін жарыстардың Гран при және I орын иегері. 8 жастағы Жасмин би билегенді, гимнастикамен айналысқанды жан тәнімен сүйеді. Өз қалауына назар аударған ата-анасына алғыс білдіре отырып, өзінің мақсаткер екенін сұхбат барысында байқатады. Болашақ өмірін гимнастикамен байланыстыратын ару армандар тізімінде қандай қиялы бар екенін айтып, көрерменнің жүзіне күлкі ұялатады. 

Read more...
Subscribe to this RSS feed