Актер Бауыржан Қаптағай балалық шағы, сомдаған рөлдері туралы. «Тағдыр жолы»
Бауыржан Қаптағай 1954 жылы Алматы облысында туған. 1976-1980 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. 1980 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында Р. Сейсенбаевтың «Түнгі диалогында» Қодар, Қ. Шаңғытбаев пен Қ. Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай» комедиясында Хасен, М. Әуезовтің «Қарагөзінде» Нарша, Жабай, «Қарақыпшақ Қобыландысында» Қазан, «Абайында» Айдар, Нарымбет, Мес, «Еңлік-Кебегінде» Есен, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Әбейсін, Б. Римованың «Абай-Әйгерімінде» Манас, М. Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Асан, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, С. Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бәтестің әкесі, С. Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Қалтан қажы, Шахимарденнің «Томирисінде» Март, Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Жан және тағы басқа бірнеше қойылымда ойнайды.