«Айгүл» ансамблі қалай құрылды? Ағайша Исағұлова. «Тағдыр жолы»
«Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблі – әсем ән өнерімен, сахнадағы өзіндік бітім-болмысымен, ерекше дауысымен көзге түскен қазақ аруларынан құралған алғашқы топ. 1968 жылы ансамбль Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының жанынан вокалды-аспаптық квартет ретінде құрылған. Репертуарынан қазақтың халық әндері, басқа ұлттардың ән-билері орын алды. 1975 жылы «Айгүлге» халық ансамблі құрметті атағы берілді. «Айгүл» гастрольдік сапармен бұрынғы одақтас республикаларды, шет елдерді Полыманы (1970), Югославияны (1973), Моңғолияны (1977), Германияны (1978), Францияны (1972) және Жапонияны (1976) аралады. «Айгүл» ансамблі Лейпциг қаласында өткен Халықаралық жәрмеңкеге (1979), ХХІІ Олимпиада ойындарының (1980, Мәскеу қ.) мәдени бағдарламасына, Конго халық республикасында өткен Қазақстан күндеріне (1982) қатысты. 1978 жылы ансамбль Қазақстан Комсомол сыйлығының лауреаты атанды.