Асылхан Әбдірайымұлы. «Тағдыр жолы»
Көзі қарақты оқырман белгілі фотопублицист, Қазақстан Журналистер академиясы «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері Асылхан Әбдірайымұлын жақсы біледі. Ол кісінің аталары – Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлының тәлімін көрген, туыстық жақындығы бар жандар. Олар сонау ашаршылық, репрессия жылдары Торғай өңірінен қоныс аударып, Түркістан өлкесін мекендеген.