Жазушы Зира Наурызбаева. «Тағдыр жолы»

Зира Наурызбаева – қазақ мәдениеті, мифология және дәстүрлі музыкасына арналған Otuken.kz сайтының модераторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Рух-Мирас» мәдениеттану альманағының бас редакторы, «Классика» радиосындағы Қазақстанның музыка өнері туралы «Тылсым перне» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі қызметтерін атқарды. Осы бағдарламасы үшін «Алтын адам – 2014» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды. Жазушының «Қазақтардың Мәңгілік Аспаны» атты жинағы «Меломан» кітап желісінің нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік ондығына енді. «Төрт бұлттар» кітабы 2018 жылы тәуелсіз кітап ретінде «Алтын қалам» сыйлығының «Кітап лайк» номинациясын жеңіп алса, «Бәсекелес» хикаясына осы аттас толықметражды көркем фильм түсіріліп, өткен жылы АҚШ өткен «Best Asian Short Stories-2019» халықаралық байқауының лауреаты атанды.

1. Зира Наурызбаева, жазушы;

2. Әсия Бағдәулетқызы, жазушы.