Париж және қазақтар. «Qazaq Brand»

О, Париж, Париж... Талай ақынның жырына арқау болған, киногерлерді шабыттандырған, суреткерлерді қанаттандырған әлемнің жұмбақ та таңғажайып шаһары. Сан мың жылдық тарихы бар дәл осы қала көшелерімен қазақтың біртуар перзенттері жүріп өткен. Жүріп қана қоймай, талғамы биік, таңдауы бөлек Кәрі құрлықтың өнер сүйер қауымын талантымен тәнті етіп, тамсандыра білген. Бағдарлама Әміренің Парижге сапары, Шоқаймен Парижде кездесуі, режиссер Нарымбетовтың Француз киноакадемиясының сыйлығын алуға барғаны, Париждегі Шоқай жатқан мазарға баруы, оны фильмге опера әншісі, Шоқайдың жары Горинаның баяндауымен арқау етуі туралы айтылып, DIOR-дың тұмарына айналған Алла Ильчунның сырға толы тағдырын баяндаумен аяқталады.

1. Құмарбек Қалқатаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, әнші, композитор;

2. Дәурен Дариябек, журналист, продюсер;

3. Әбдіжәлел Бәкіров, саясат ғылымдарының докторы, профессор;

4. Мақпал Мадиярова, өнертану магистрі;

5. Айнаш Есали, Қазақстан Журналистер одағының сыйлығының лауреаты, Қазақстан журналистер академиясының «Алтын жұлдыз» жоғары жалпыұлттық журналистика сыйлығының иегері;

6. Клара Исабаева, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік музейі баспасөз орталығының жетекшісі, коллекционер;

7. Берлин Иришев, Франциядағы қазақтар қауымдастығының президенті, коллекционер. 

«Атаманның ақыры» / 26 қыркүйек / 20:00

  • Жылы 1970
  • Актёрлер Асанәлі Әшімов, Виктор Авдюшко, Геннадий Юдин, Юрий Саранцев, Құрбан Абдрасулов, Владимир Гусев, Владислав Стржельчик, Борис Иванов, Нұрмұхан Жантөрин, Алтынай Елеуова
  • Жанр Шытырман оқиғалы фильм

1920-21 жылдардағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр аймағындағы тарихи оқиғалар жайлы баяндалады. Атаман Дутов бастаған ақ гвардияшылардың әркеттері сипатталған. Ақ гвардияшы атаман Дутовтың бандасын жою туралы операция дайындалады. Оны орындау чекист Шадияровқа жүктелді. Ол атаманның штабына еніп, әбден оның сеніміне кіріп алып, өз өмірін қатерге тіге жүре берілген тапсырманы орындап шығады.

«Бизнесмены» / 27 қараша / 20:00

  • Жылы 2018
  • Актёрлер Аскар Ильясов, Айсулу Азимбаева, Шарип Серик, Расим Жубаев, Константин Крюков, Еркен Губашев, Санжар Мади, Дина Тасбулатова
  • Жанр драма, криминал

90-е годы прошлого века. Трое друзей, пытаясь наладить свою жизнь, сталкиваются с таким понятием, как бизнес. Однако бизнес - это всегда риск, и молодым предпринимателям придется пожертвовать многим ради успеха. Герои фильма становятся одними из первых, кто стоял у истоков рыночных отношений в Казахстане.