Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасы. «Кино. Театр»

Биыл көркемсөз зергері, көрнекті драматург, классик жазушы Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл. Ғабит Мүсірепов жазған «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасы алғаш рет 1942 жылы 3 қыркүйекте қойылды. Ақан сері образын Шәкен Айманов, Ақтоқтыны Шолпан Жандарбекова, Науан хазіретті Қатаң Бадыров, мылқауды Қалыбек Қуанышбаев сомдаған. Сол кезден бері есептесек, «Ақан сері – Ақтоқты» қойылымының сахна төрінен түспей келе жатқанына биыл тура 80 жыл толып отыр.