«Жансебіл» фильмі. «Ашық көрсетілім»
Фильм Жүсіпбек Қорғасбектің "Жансебіл" шығармасының желісі бойынша түсірілді. Мұқатай Абыралының түлегі. 1937 жылғы қуғын сүргінде халық жауы ретінде тұтқындалып, қол-аяғынан бірдей айрылады. Онымен қоса отбасынан (әйелі мен ұлынан) біржола көз жазып қалады. Мүгедек боп қалған оны Маруся деген әйел бағып-қағады. Жылдар өтеді. Арбаға таңылған Мұқатайды Маруся күн сайын дерлік темір жол вокзалына алып барады. Барады да "Абыралыдан кім бар?" айғай салумен болады. Ондағы ойы — туған елінен біреу міреу келе қалса, өлі-тірісі белгісіз ұлының бір дерегі шығып қала ма деген үміт. Күндердің күнінде Абыралыдан келген біреу жолығады. Оған ұлына жазған хатты ұсынып, тапсыруын өтінеді. Алайда ол мұның ұлын танымайтын болып шығады. Әлгі бейтаныс мұның хатын алып, пойызға мінеді. Пойызда серігі екеуі арақ ішіп, бұл мас боп қалады. Анау мұның қалтасын тінтіп, ақша мен хатты тауып алады. Хатты лақтырып жібереді де, ақшаны қалтасынан салып тайып тұрады. Бағдарлама қатысушылары: Гүлзат Көбек - жүргізуші, Базаргул Абдульдина - продюсер, Ербол Бораншы - киносыншы