«Айка» фильмі. «Ашық көрсетілім»
Мәскеуде заңсыз жұмыс істейтін жас қырғыз қызы Айка туралы. Баласын дүниеге әкелген соң, жаңа туған туған нәрестені қалдырып, перзентханадан терезе арқылы қашып кетеді. Тігін бизнесін құруға алған қарызын өтеу үшін жұмыс іздейді. Жұмысты іздеуде де бірнеше әрекеті сәтсіз болады. Жұмыс іздеуден басқа, қызбен оның жерлестерінің заңсыз хостелдегі қиын өмірі, тексеру мен депортация алдында үнемі қорқынышпен өмір сүру жағдайлары көрсетілген. Кредиторлар Айканы Мәскеуден тауып алып, қарызды қайтармаған жағдайда Қырғызстанда қалған сіңілісінің саусақтарын бір-бірден шабамыз деп қорқытады. Кредиторлар кездесу кезінде жақында дүниеге бала әкелгенін айтады. Олар баланы перзентханадан алып, қарызын өтеу үшін нәрестені беруге болатыны жайлы айтады. Бір мезгілде Айканың бойында балаға деген аналық сезімі ояна бастайды. дәл сол уақытта перзентхананың табалдырығын тоздырып, баланы алып кету жөнінде шешім қабылдайды. Фильмнің соңында көпқабатты үйлердің бірінде баласын емізіп отырған жерінен фильм аяқталады.