«Сардар» фильмі. «Ашық көрсетілім»
Бұл – қазақ пен қытайдың аңыздарына құрылған дүние. Сценарийін жазған Адильша Огишев деген мәскеулік кинодраматургтың бір таныс қытайы бар екен. Содан естігендері бар, өзінің білетіні бар, сол негізде жазып шықты. Негізінде, басты кейіпкер қытай қызы болуы керек болған. Әуелде Қытаймен бірігіп түсіреді деп жоспарланған. Енді «бастаймыз» деген кезде Қытай киностудиясының басшылығы ауысты да келісім жайына қалды. Мұнда жалпы, қақтығыс сценасының өзі үшеу. Біріншісі – қалмақтар өкшелеп келе жатқан қазақтардың құзға келіп тірелген кезі. Әрі қарай жол жоқ. Сонда Құлжа «соғысамыз» дейді. Екіншісі – қалмақтардың кішкентай Бөлекті ат құйрығына байлап сүйреткен кезіндегі тұтқындағы қазақтардың ереуілі. Үшіншісі – Құлжаның қалмақтардың басшысы Шонаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтіретін тұсы. Рас, қалмақтар – қалың қол. Қай көріністе де қазақтарды қырып жіберуіне болатын еді. Бірақ Шонай айтады ғой: «Біз де ата-бабаларымыздың салтын құрметтейміз» деп. Сөйтіп, өзі жекпе-жекке шығады. Мысалы, неміс екен деп немісті де жамандай беруге болмайды ғой. Сол сияқты, бұл да ірілігін көрсетіп тұр. Шындығында, Шонай – үлкен сарбаз. Құлжа бала болса да оны айлакерлігімен «алып» тұр. Оның «Сен нағыз сарбазсың. Бірақ маған құдай көмектесті» деп айтатыны да содан.
Бағдарлама қатысушылары: Гүлзат Көбек - кинотанушы Болат Қалымбетов - режиссер Жаңабек Жетіруов - режиссер