«Іздер мен біздер». Заманауи Түркістанға саяхат: жаңа нысандар, көне көрнекті орындар
1500 жылдық тарихы бар көне қала Түркістан туралы түрлі аңыз да, оқиғалар да жетіп артылады. Алайда «Іздер мен біздер» бағдарламасының бұл шығарылымында киелі мекеннің өткені емес, бүгінгі келбеті жайлы айтылады. Қайта жаңғырған заманауи Түкістанға саяхат барысында тарихқа терең бойлап, көненің көзі мен XXI ғасыр игіліктері ұштасқан жаңа туристік астанаға жол тартасыздар!