ҚР Мемлекеттік орталық музейі – тарих тағылым кеңістігі (2-бөлім). «Хронограф-2021»
Музей – Адам баласымен бірге жасап келе жатқан ең көне институт. Тасқа түскен көне таңбалар мен суреттер, петроглефтер оған дәлел. Әрбір таңба, әрбір кескін алғашқы музейдің іргетасының бір кірпіші іспетті. Бұл тастардағы таңбалар бағзы замандағы тайпалар мен рулар арасындағы өзіндік ақпараттық қызметті атқарғаны сөзсіз.
Ендеше, рухани асыл қазыналарымызды жинақтап, қастерлеп сақтаған құндылықтарын өскелең ұрпаққа насихаттап отырған музейдің қызметі өте жауапты, сонымен қатар бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан білім жүйесіне де музейлердің қосар үлесі зор.