«Labs.kz». Өздігінен зарядталатын батареялар. Назарбаев университетінің ғалымдары
Смартфоныңыздың батареясы күтпеген жерден отырып қалды делік. Көшеде келе жатып, розетканы қайдан табасыз? Иә, қосымша аккумуляторларды қалтаңызға салып жүруіңіз мүмкін. Бірақ, олардың да қуаты көп уақытқа жетпейді емес пе? «Адам әрбір қадамы арқылы телефонын қуаттай алады», –дейді отандық ғалымдар. Алдағы 10- 20 жыл ішінде осындай инновациялық тәсіл пайда болуы әбден мүмкін. Ендеше, бүгінгі бағдарламамыздың кейіпкерлері өзін-өзі қуаттайтын батареялар және қимыл-қозғалыстың көмегімен іске қосылатын қуат беру блогын ойлап тапқан Назарбаев университетінің ғалымдары. Бағдарламаға қатысушылар: Гұлнұр Қалимулдина – Назарбаев университетінің постдокторанты, химик-инженер; Жансая Құрманбаева –Назарбаев университетінің ғылыми қызметкері; Айшуақ Қонаров– Назарбаев университетінің профессоры.