Ауыр күйікті қалай жылдам емдеуге болады? «Labs.kz»
Бұл шығарылымның тақырыбы – «Жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған биологиялық таңғыштар».
Ауыр күйік жарақатын қалай жылдам емдеуге болады? Бұл мәселенің шешімін табу үшін отандық биотехнолог-ғалымдар кәдімгі ірі қара малдың ішастарын пайдаланбақ ниетте. Жүргізілген зерттеулерінің нәтижесі жаман емес. Клиникалық сынаққа қатысқан адамдар құлан таза айығып шыққан. Ендігі мақсат – биологиялық байламды ресми түрде тіркеп, ел аумағында кең көлемде қолдану.
Спикерлер:
Вячеслав Огай, ұлттық биотехнология орталығының зертхана меңгерушісі;
Әсел Исабекова, ұлттық биотехнология орталығы зертханасының аға ғылыми қызметкері;
Бауыржан Әнапия, ҰҒОО реконструктивті пластикалық хирургия секторының аға ординатор-дәрігері.