«Өміршең өнер туындылары». Көшпенді жауынгердің қару-жарағы
Ежелгі көшпенді жауынгер байлығынан, мүлкінен айырылса да, өз жерінен айырылмауы керек. Бұл ұстаным ана сүтімен мызғымас ақиқат болып әр көшпендінің бойына сіңген. Қазақтар бейбіт халық болған, өздері шабуыл жасамаған, тек Отанын жау шабуылынан қорғаған халық. Сондықтан Ұлы далада қару-жарақ жасау өнері дамыған болатын. Қазақ халқының және жалпы көшпенділердің қару-жарағын жіктеу жүйесінің бүкіл мәні "Ер қаруы-бес қару" деген бір сөйлемде жатыр.